Қоғамның өзекті мәселесі болып табылатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында «№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-нің «Авангард» ықшам ауданында орналасқан филиалында 2025 жылдың 29 қыркүйегі күні профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Филиал қызметкерлерімен кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі жөнінде заң тұрғысынан құқықтық ақпарат берілді.
Одан бөлек, әрбір медицина қызметкерінің сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерін болдырмау, олардың алдын алу және өздеріне жүктелген функционалдық міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарауы, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы мен ұжымда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тиіс екендігі атап өтілді.

