Ағымдағы жылдың 27 тамызында «№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ның «Нұрсая» ықшам ауданында орналасқан филиалы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, медициналық қызмет көрсету кезінде адалдық пен жауапкершілікті сақтау қажеттігі атап өтілді.
Атап айтқанда, жалған медициналық қызметтер көрсету арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемденуге, азаматтардан медициналық қызметтер үшін заңсыз ақы алуға және өзге де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында әрбір медицина қызметкерінің өз лауазымдық міндеттерін адал орындауы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуы және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді үлес қосуы қажеттігі айтылды.

