АНОНС
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, «№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:
- талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне;
- талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне.
Талдаумен қамтылатын кезең: 1 шілде 2025 жыл мен 31 наурыз 2026 жыл аралығы.
Өтетін уақыты: 16 - 27 сәуір 2026 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде ұсыныстар болған жағдайда комплаенс-офицердің +7 (702) 811 1979 байланыс нөміріне хабарласа аласыз.
№1 Атырау қалалық емханасы
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Стандарт |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт - заң талабы
2026 жылдың 4 ақпаны күні «№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-нің «Нұрсая» ықшам ауданында орналасқан филиал қызметкерлері арасында емхананың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары» талқыланды.
Отырыс барысында емхана директорының міндетін атқарушы Кульчикова Асылхан Бисембаевнаның 22.12.2025 жылғы №112 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары» таныстырылып, емхана ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты іс-әрекетті қалыптастыру, стандартпен белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтау, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде, басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде медицина қызметкерлеріне қойылатын талаптар және заңмен көзделген өзге де шектеулер мен тыйым салулар бойынша түсіндірме берілді.
Отырыс қорытындысымен әр медицина қызметкері, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және ұжымда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тиіс екендігі аталып өтті.
2025 жылдың 23 маусымында №1 Атырау қалалық емханасының «Нұрсая» ықшам ауданында орналасқан филиалында қызмет атқаратын медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы құқықтық-ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Отырыс барысында қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңы мен «Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлерінің Ар - намысы кодексінің» талаптары бойынша заңға түсіндірме берілді.
АНОНС
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 17 наурыздағы №86-н/қ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы» бұйрығын орындау мақсатында, «№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдаумен қамтылатын кезең - 01.01.2025 - 30.06.2026 жыл.
Өтетін уақыты - 10.06.2025 - 30.06.2025 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде ұсыныстар болған жағдайда комплаенс-офицердің +7 (702) 811 1979 байланыс нөміріне хабарласа аласыз.
№1 Атырау қалалық емханасы
2025 жылдың 5 наурызында №1 Атырау қалалық емханасы ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында отырыс өткізілді.
Отырыс барысында еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама мен парақты беру тәртібі мен рәсімдеу қағидаларына, сондай-ақ медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-мен көзделген жауаптылық негіздеріне түсінік берілді.
Одан бөлек, қолданыстағы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.
ХАБАРЛАНДЫРУ
«№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ның Жұмыс тобымен емхананың қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама 2023 жылдың 18-28 тамыз аралығында жария талқылауға ұсынылады.
Жұмыс тобы



