Ағымдағы жылдың 10 маусымында «№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК әкімшілік қызметкерлері (құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, бас, аға мейіргерлер, персоналды басқару бөлімі, бухгалтерия мамандары, заңгер, т.б.) арасында қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасынан келіп түскен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ақпараттық хаттары таныстырылып, қаржылық алаяқтық, жалған қызмет көрсету арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру ақысын жымқыру, мүлікті талан-таражға салу, қалыпты қызметі үшін халықтан заңсыз ақы алу және жемқорлық іспеттес әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі талқыланды.
Сондай-ақ, заңсыздықтарға жол берген тұлғаларға заңда көзделген жауаптылықтар мен оның зардабы туралы айтылды.
