2026 жылдың 4 ақпаны күні «№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-нің «Нұрсая» ықшам ауданында орналасқан филиал қызметкерлері арасында емхананың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары» талқыланды.
Отырыс барысында емхана директорының міндетін атқарушы Кульчикова Асылхан Бисембаевнаның 22.12.2025 жылғы №112 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары» таныстырылып, емхана ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты іс-әрекетті қалыптастыру, стандартпен белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтау, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде, басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде медицина қызметкерлеріне қойылатын талаптар және заңмен көзделген өзге де шектеулер мен тыйым салулар бойынша түсіндірме берілді.
Отырыс қорытындысымен әр медицина қызметкері, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және ұжымда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тиіс екендігі аталып өтті.

