«№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-нің филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Емхана директоры Н.Үкібаев: бүгінгі таңда медицина саласында орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларға тоқталып, сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын әрекеттерге жол бермеу және алдын алу мәселесі, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттілігін атап өтті.
Кездесу барысында комплаенс-менеджер К.Кистаубаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексінің негізгі бағыттары мен қағидаттары бойынша заң талаптарын түсіндірді.
Сондай-ақ әр медицина қызметкерінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар алу фактілеріне жол бермеу, жеке мәселелерін шешу мақсатында қызметтік жағдайды пайдаланбау жөнінде кеңінен тоқталды.
Қатысушылардың қойған сауалдарына жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жүргізілді.
