Емханамыз бойынша қызылша-21 жағдай, көкжөтел-14 жағдай тіркелді.аурудың көбеюін зерттесек екпе алмағандар, яғни екпеден бас тартқандар және де ауырып уақытылы алмай жүрген тұрғындарымыз арасында.
Қызылша — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын, аурушаң немесе иммунитеті төмен балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Қызылшаның арнайы емі жоқ, тек алдын-алу үшін вакцинация. Көкжөтел – жедел таралатын, көбінесе 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактерия. Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді. Ауырған адаммен қарым-қатынаста болғаннан кейін бір немесе екі аптадан кейін басталады. Барлық балаларды көкжөтелден сақтаңыздар. 2,3,4 айлық және де 1жас 6ай кезінде көкжөтелге қарсы егуді ұмытпаңыздар.
Қызылша, көкжөтел ауруларынан балаларыңызды сақтаңыздар!!!!!!!! Сақтанудың жолы тек вакцинация. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік

